×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Мектеп бітіру кештері: Алматы түлектері үшін қандай тыйымдар бар

23.05.2023, 11:29
turkystan.kz

Қалалық Білім басқармасы биыл мектеп бітіру кештері қалай өтуі тиіс екенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Басқарма басшысының орынбасары Жанат Айтпаеваның сөзінше, мектеп түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру 20-22 маусым күндерін туған мектептерінің қабырғасында өткізуді ұсынылып отыр.

"Білім басқармасы педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сынып сағаттары мен жүргізушілерді, дипломдар мен сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру кезінде іс-шараларды өткізуге ата-аналардан қаражат жинауға, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді тартуға жол берілмейтінін атап өтеді", - деді Жанат Айтпаева.

Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық ретінде ақша жинауға да тыйым салынғаны ескертілді.

Биыл Алматыда 14 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Антикор мектеп түлектерінің бітіру кешіне байланысты шенеуніктерге ескерту жасаған.

 

Серіктес жаңалықтары