×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Елімізде фастфуд қымбаттады

23.05.2023, 17:06
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда сәуір айында фастфуд қызметтерінің құны бір айда 0,4%-ға, ал жылдық мәнде 15,9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір айда баға Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өсті - 5,7%. Бағаның өсуі бойынша үштікке Жамбыл (4%) мен Жетісу (2,2%) облыстары да кірді.

Бір жылдық мәнде өңірлер арасында баға Батыс Қазақстан (47,2%) және Солтүстік Қазақстан (44,4%) облыстары, Шымкент қаласында (37,9%), сондай-ақ Атырау (33,8%) және Жамбыл (33,7%) облыстарында қатты қымбаттады. Ең төменгі жылдық баға өсімі Түркістан (6,4%) және Қызылорда (6,3%) облыстарында тіркелді.

Айта кетейік, Қазақстанда бір жыл ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 10,7%-ға өсті.

Порталымызға берген сұхбатында Үкімет басшысының орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда азық-түліктің қымбаттауы қашан тоқтайтынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары