×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда бір аптада азық-түлік қаншалықты қымбаттады

19.05.2023, 09:47
Коллаж: Ulysmedia.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өткен аптада 0,2%-ға, ал жылдық мәнде 10,7%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 16 мамыр/:

Сүт 2,5% – 370 тг/л

Тауық еті – 1223 тг/кг

Сәбіз– 162 тг/кг

Айта кетейік, порталымызға берген сұхбатында Үкімет басшысының орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда ажық-түліктің қымбаттауы қашан тоқтайтынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары