×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Алматыда Максим Галкиннің концертіне билет заңсыз сатылып жатыр

24.05.2023, 08:23
фото: ашық дереккөзден

"Алматы Әуендері" КМҚК директоры Бақытжан Садықов ресейлік әртіс Максим Галкиннің билеттерін сатудың заңсыздығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол ресейлік өнерпаздың қойылымын ұйымдастырушылар ережелерге қарсы шығып, заңды өрескел бұзғанын айтты.

"Концерт билеттері сатылымға шықты, дегенмен алаңмен – Республика сарайымен келісімшартқа әлі қол қойылмаған. Бұл ауқымды іс-шараны өткізудің міндетті шарты. Билеттерді концерттік алаңмен, бұл жағдайда Республика сарайымен шартсыз өткізу алаяқтық және көрермендерді нағыз алдау ретінде бағалануы мүмкін", - деді "Алматы Әуендері" КМҚК директоры Бақытжан Садықов.

Айта кетерлігі,  афишадағы ақпарат бойынша концерт 6 қазанда өтуі керек, бірақ бұл күні республика сарайында басқа іс-шара жоспарланып қойған.

Естеріңізге сала кетейік, Максим Галкин Ресей Федерациясының басшылығын Украинаға басып кіргені үшін сынға алып, елден кетуге мәжбүр болды. Ресейде оған иноагент мәртебесі берілді.

Бір жылдан астам уақыт бойы Галкин Израильде өнер көрсетіп, Ресей Федерациясы басшылығының кейбір шешімдерін мазақ етіп келеді.

Алла Пугачева да жұбайының артынан Израильге барды. Күзде балаларына қайта оралды.

Серіктес жаңалықтары