×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстан мен Ресей киіктерді бірлесіп қорғамақ

06.10.2021, 13:03
фото: Ашық дереккөзден

Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрлігі мен Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі киіктің трансшекаралық таралымдарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнінде келісімге қол қойды. Бұл жайында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев браконьерлікпен күрес жөніндегі шараларды күшейту туралы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Ресеймен шекаралас популяцияны қамтитын келісім жасауға бет бұрдық. Бұл болашақта екі жақты миграцияны қадағалауға, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Одан бөлек «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК-мен биоалуантүрлілікті сақтау үшін Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің биобанкін құру мәселесі пысықталып жатқанын жеткізді.

Оның айутынша, тұрақты қорғаудың арқасында биыл ақбөкендердің саны 842 мыңға жеткен. 2019 жылы бөкендердің саны 334,4 мың болған.

Серіктес жаңалықтары