×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Алты министрлік 2 мың кәсіпкерді заңсыз тексермек болған

24.05.2023, 13:07
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының инвестицияларды қорғау туралы сауалына жолдаған жауабында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Кəсіпкерлік субъектілерінің мүддесі үшін прокурорлар жыл басынан бері 5 мыңнан астам тыйым салу жəне шектеу шараларының, 560 млн теңгеден астам сомаға 2 мың заңсыз əкімшілік іс жүргізудің күшін жойды. Бас прокуратураның наразылықтары бойынша министрліктердің (денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, экология, қаржы, индустрия жəне инфрақұрылымдық даму) 2 мың бизнес субъектісіне заңсыз тексеру (бару арқылы профилактикалық бақылау) жүргізуді көздеген 9 бұйрығының күші жойылды (өзгертілді)», - дейді Берік Асылов.

Прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтары өткне төрт айда кəсіпкерлерден түскен 1100 шағымды тексерген.

«Түскен сигналдардың əрбір бесіншісі (219) расталды. «Атамекен» ҰКП-мен жəне Бизнес-Омбудсменмен тығыз ынтымақтастық орнатылды.

Прокурорлардың көмегімен бизнес субъектілері үшін өзекті болып табылатын 12 мəселе шешімін тапты (кəсіпкерлерге газды жоғары бағамен сату, заңсыз мониторингтер жүргізу, ЖК-ге қатысты салық бұйрықтарын шығару практикасы тоқтатылды, бөлшек сауда үшін орындар анықталды жəне т.б.). Бизнес құқықтарын бұзу бойынша барлығы 750 қадағалау актісі енгізілді, 360 лауазымды адамжауаптылыққа тартылды», - делінген жауапта.

Серіктес жаңалықтары