×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Жыл басынан бері 4 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

06.10.2021, 13:40
фото: Ашық дереккөзден

Жыл басынан бері инспекторлар заңсыз киік аулаудың 56 дерегін анықтаған. Осы ретте 4077 мүйіз бен 141 киік ұшасы тәркіленген. Бұл жайында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев браконьерлікпен күрес жөніндегі шараларды күшейту туралы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Браконьерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты күшейту мақсатында жыл сайын көктемгі және қысқы кезеңдерде кең ауқымды «Киік» табиғат қорғау акциясын өткізу жоспарлары бекітіледі. Осы акцияны іске асыру шеңберінде алдын алу іс-шаралары жандандырылды. Киіктердің браконьерлігіне, олардың дериваттарын, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы жабайы фаунаның басқа да түрлерін өткізуге және сатып алуға маманданған бірқатар қылмыстық топтың жолы кесілді», – дейді ол.

Комитет өкілінің айтуынша, барлық қабылданып жатқан шараға, сондай-ақ браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершіліктің қатаңдатылуына қарамастан браконьерлік жағдайлары тоқтамай келеді.

«Жыл басынан бері инспекторлар заңсыз киік аулаудың 56 фактісін анықтады, 4077 мүйіз және 141 киіктің ұшасын тәркіледі. Аталған іс-шаралар тұрақты негізде жаңа әдістемелер мен технологияларды пайдалана отырып жүргізіліп жатқанын атап өту қажет», – деп пікір білдірді ол.

Серіктес жаңалықтары