×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Терроризм ілсе де, айтқанымнан қайтпаймын": Думан Мұхаметкәрім не үшін айыпталып отыр

25.05.2023, 08:21
"Терроризм ілсе де, айтқанымнан қайтпаймын": Думан Мұхаметкәрім не үшін айыпталып отыр
Коллаж: Ulysmedia.kz

Адвокат Ғалым Нұрпейісов журналист Думан Мұхаметкәрім нақты не үшін айыпталып отырғанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Республикаға" берген сұхбатында адвокат Думанды полиция бөліміне әкелген бірінші учаскелік полиция қызметкері хаттаманы толтырудан бас тартқанын, оның негізінде Думан ұсталған видеода әкімшілік құқық бұзушылық құрамын көрмейтінін айтты.

"Шамасы, ол журналистке қатысты әзірленген "сценарийден" хабардар емес еді. Нәтижесінде тағы бір учаскелік полиция қызметкері болжамды құқық бұзушылық туралы хаттама жасады, бұл ретте ол бұл оның шешімі емес, прокуратурадан бұйрық түскенін айтты", – деді ол.

Адвокат журналистке ҚР ҚК 405-бабы ("экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін атап өтті.

Белгілі журналист Динара Егеубаева әлеуметтік желілерде Думан Мұхаметкәрімнің түрмеде жолданған хатын таратты.

"Армысыздар, ағайын! Асығыс жазылған хат. Қысқа ғана қайырайын. Маған экстремизм түгіл терроризм ілсе де айтқанымнан қайтпаймын. Ұры – билік, ұры – жүйе құласын! Бұл елді эволюция емес, тек революция өзгертеді. Бұған тәбәріш Тоқаевтың өзі итермелеп отыр.  Диваннан тұруға дайын болайық!", - делінген хатта.

Егеубаева тәуелсіз журналистер Думан Мұхаметкәрімді қудалауды дереу тоқтатып, оны босатуды талап ететінін айтты.

 Думан Мұхаметкәрім – журналист, YouTube-тегі «Не дейді» арнасының авторы, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларды белсенді түрде жариялады.

Ол 30 қаңтарда Мәжілістегі сайлау додасынан шеттетілді.

20 наурызда Думан Мұхаметкәрім Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырды.

21 наурызда оның 25 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.