×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Бөлім басшысының қазасына қатысты RBK банкі түсініктеме берді

06.10.2021, 14:27
Фото: Ашық дереккөзден

Банк басшылығы қызметкердің өліміне қатысты тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды.

RBK банкінің Павлодар облыстық филиалы директорының денесі 5 қазан күні таңертең дүкен шатырынан табылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Bank RBK" АҚ Павлодар қаласындағы филиал директорының мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарлайды. Басшылық пен ұжым орны толмас қайғыға байланысты біздің әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және оның отбасына қажетті материалдық қолдау көрсетеді. Банк болған оқиғаның себептерін анықтау жөніндегі жұмыста тергеуге толық көмек көрсетеді. Бұл жұмыс аяқталғанға дейін банк тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды», - делінген банктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, кеше сағат 07.13-те Бектұров көшесі, 50/1 үйде орналасқан дүкеннің күнқағарынан 1972 жылы туған азаматшаның денесі табылды. Полицейлердің айтуынша, әйел сегізінші қабаттағы балконнан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған.

Серіктес жаңалықтары