×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Мезгілсіз көз жұмған сенатор Гүлмира Кәрімованың орнына кім сайланады

26.05.2023, 10:33
Фото: Ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысынан Сенатқа депутат болып сайланып, қапыда қаза тапқан Гүлмира Кәрімованың мандатын иелену үшін 2 маусымда сайлау өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аймақтың әкімдігінің сайтында жазылғандай, «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңының 26-бабының 2, 4-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы танысу үшін ҚР Парламенті Сенатына Солтүстік Қазақстан облысынан депутат сайлау жөніндегі таңдаушылардың тізімін бекітті.

“Әрбір сайлаушы тізімдегі өзі туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегеніне, дұрыс енгізілмегеніне, сондай-ақ тізімде таңдаушылар туралы деректерде жіберілген дәлсіздіктерге шағымдануға құқылы», - деп жазды жергілікті әкімдік.

Сенат депутаттарын жергілікті маслихат депутаттары сайлайды. Маусым айында Солтүстік Қазақстанда өтетін сайлауға ондағы маслихаттардан 193 таңдаушы қатысады.

Ал облыстық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен Парламент Сенатының депутаттығына 7 кандидат құжат тапсырды. Олар:
- Мелехов Сергей Владимирович;

- Махиня Евгений Сергеевич;

- Есдәулетов Жақсылық Төлеуұлы;

- Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы;

- Рафальский Анатолий Брониславович;

- Рахметова Әсем Қалашбайқызы;

- Қасенова Рауза Ивановна.

Серіктес жаңалықтары