×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ресейге заңсыз өтпек болған азамат ұсталды

26.05.2023, 11:10
Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанның ҰҚК Ресейге заңсыз өтпек болған шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2023 жылғы 17 мамырда ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Булаев» (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды Ресей Федерациясына заңсыз өтпекші болған шетел азаматын ұстады.

Шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында жүк пойызының вагонының үстіңгі бөлігінде жасырынған мемлекеттік шекара бұзушы анықталды”, – деп жазды комитеттен.

Ұсталған адам ҚР ӘҚБ Кодексінің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары