×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Астанада 700 тонна қоқыс үйген кәсіпкерге айыппұл салынды

27.05.2023, 15:44
Астанада 700 тонна қоқыс үйген кәсіпкерге айыппұл салынды
Ашық дереккөз

Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері аумақты аралау кезінде қоқыс толы Камазды байқады. Машина қалдықтарды шығару үшін бос жерлерге қарай бет алған. Қоқыс төгуге рұқсат етілмеген аумақта пайдаланылған құрылыс материалдарын шығару фактісі тіркеліп, табиғат қорғау полициясына берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Машинаның қай ұйымға тиесілі екеі анвқталып, жауапқа тартылды.

Құқық бұзушы жеке өзі 30 ауыр жүк көлігін жалдау ақысын төледі, олар 700 тонна стихиялық үйіндіні жойып, жиналған қоқысты арнайы полигонға шығарды. Сонымен қатар, кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды.

«Нұра ауданында заңсыз қоқыс төгілген 8 негізгі орын анықталды. Жүйелі жұмыстың арқасында қаланы ластайтын жосықсыз кәсіпкерлердің бірі табылды. Мысалы, бір күн бұрын олар осы учаскелерді аралап шыққан болатын. Ол кезде қоқыс көлемі мұндай үлкен емес еді, жосықсыз кәсіпкерлердің тек түнде келетіні анықталды. Осы бағыттағы жұмысты аудан бойынша жалғастырамыз», – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Руслан Оралов.

Айта кетейік, Астанада қайта өңдеу үшін құрылыс және басқа да ірі қалдықтарды төгуге болатын 2 санкцияланған полигон жұмыс істейді. Басқа учаскелерде қоқыс төгілсе заң бойынша жаза қарастырылған.