×
$
461.39
534.75
5.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
461.39
534.75
5.45

«Өртеп жіберемін»: Астанада такси жүргізген әйелге қоқан-лоқы көрсеткен жолаушы қамалды

Бүгін, 11:16
«Өртеп жіберемін»: Астанада такси жүргізген әйелге қоқан-лоқы көрсеткен жолаушы қамалды
Видеодан алынған кадр

Астанада такси жүргізген әйелмен жанжал шығарған жолаушы жазаланды. Ер адам көліктен түсуден бас тартып, балағат сөздер айтып, жүргізушіге қоқан-лоқы көрсеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

– Сотта істі қарау барысында Астанадағы нысандардың бірінің маңында такси сапары аяқталғаннан кейін азамат А. такси жүргізушісі С.-ға балағат сөздер айтып, көліктен шығудан бас тартқаны және оған қоқан-лоқы көрсеткені анықталды. Осылайша, А. өз әрекетімен айналасындағыларға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған, – деп хабарлады сот.

Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Оқиға қалай болған?

Оқиға Астанадағы такси сапары кезінде болған. Әсел есімді такси жүргізушісі бес ер адамды тасымалдағанын айтқан. Сапар аяқталған соң жолаушылардың бірі көлікте қалып, сыртқа шығудан бас тартқан.

Қыздың айтуынша, ер адам одан өзін сүйіп, бірге ойын-сауық орнына баруды сұраған және барлық шығынды өзі төлейтінін айтқан. Әсел бірнеше рет бас тартып, жұмысын жалғастыруы қажет болғандықтан жолаушыдан көліктен шығуын өтінген.

Осыдан кейін, қыздың сөзінше, ер адам балағат сөздер айтып, оған қысым көрсете бастаған. Кейін Әсел жолаушыны достарына қайта апарған. Сол жерде ер адам бейнетіркегішті жұлып алуға тырысқан. Алайда камера болған жағдайды түсіре берген. Такси жүргізушісінің айтуынша, жолаушы бейнежазба әлеуметтік желіге тараса, оны ұратынын айтып қорқытқан. Кейін ол достарына: «Оны көлігімен бірге өртеп жіберемін» деген.

Әсел бейнетіркегішке жазылған видеоны Instagram-да жариялаған. Жазба тарағаннан кейін деректі полиция тіркеді.