×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Смайылов өз уәделерін орындамаған екі әкімге шүйлікті

29.05.2023, 08:07
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның 8 өңірі негізгі капиталға инвестиция тарту (НКИ) бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізе алмаған. Аутсайдерлер – Ұлытау (52%), Абай (64%) және Жамбыл (65%) облыстары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Үкіметте өткен Инвестициялық штаб отырысында мәлім болды.

«Ұлытау және Жамбыл облыстары өткен жылы да жоспарды орындамаған. Аталған облыстардың әкімдері бұған дейін Инвестициялық штаб отырысында жағдайды биыл түзейміз деп уәде берген болатын. Бірақ, көріп отырғанымыздай, бұл өңірлер барлық облыстың ішінде ең соңғы орындарда қалып отыр», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша инвестицияларға жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Мәдениет және спорт (62%), Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі (61%) министрліктерінің НКИ бойынша жұмыс қарқыны өте баяу екенін атап өтіп, IT саласындағы жобалар санын ұлғайту, сондай-ақ туризм саласына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар отырыста тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі өткен жылғы жұмыс қорытындылары қаралды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, өткен жылы НКИ көрсеткіші $28 млрд құраған, бұл – соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Экономиканың негізгі салаларында жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 199 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. 2023 жылы 1,9 трлн теңгеге тағы 281 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша инвесторлардың үздік ондығына Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германия елдері кірді.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Үкімет алдына 2029 жылға дейін $150 млрд ТШИ тарту міндетін қойғанын атап өтті.

«Биыл экономикаға кем дегенде $24 млрд шетелдік капиталды тартуға тиіспіз. Министрлер мен әкімдер экономиканың басым секторларында шетелдік капиталдың қатысуымен жаңа әрі сапалы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдауы керек», — деді премьер-министр.

Серіктес жаңалықтары