×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Киев пен Днепрге шабуыл: ЕО Ресей басшылығы жауапқа тартылатынын мәлімдеді

29.05.2023, 11:41
vojna-v-ukraine.com

ЕО Ресей басшылығы мен Днепр мен Киевке шабуыл жасағандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ресейдің варварлық шабуылдары, бейбіт тұрғындарды өлтіру және қорқыту жалғасып жатыр: Днепрдегі ауруханаға шабуыл, Қала күнінде Киевке шабуыл. Ресей Федерациясының басшылығы мен кінәлілер жауапқа тартылады", – деп жазды ЕО сыртқы саясат қызметінің спикері Набила Массралли Twitter-де.

Массралли сонымен қатар ЕО әлі де Украинаның қорғанысына көмектесуге дайын екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 28 мамырға қараған түні жау Shahed типті ұшқышсыз ұшу аппараттарымен Киевке шабуыл жасады. Бұл дрондар саны жөнінен қалаға жасалған рекордты шабуыл шабуыл болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.

Ал 26 мамырда Ресей армиясы Днепрдегі емханаға зымыран шабуылын жасады. Екі адам қаза тауып, 32 адам жарақат алды, бесеуі ауыр жағдайда.

Серіктес жаңалықтары