×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Seepx Energy Қазақстанның энергетика саласына баға берді

06.10.2021, 18:09
Фото: Ашық дереккөзден

Британдық Seepx Energy компаниясының директоры Екатерина де Вере Уолкер Қазақстанның энергетика саласына баға берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Айта кетсек аталмыш компания Орталық Азия, Ресей және Украина елдерінің электр энергетикасын зерттейтін консалтингті компания. Екатерина де Вере Уолкердің айтуынша, Қазақстан бүгінгі таңда электр энергиясының 68,9% көмірмен жағылатын жылу электр стансаларынан, 20,1% газға қосылған жылу электр стансаларынан, 8,8% су электр стансаларынан, 1,2% күн электр стансаларынан және 1% жел электр стансаларынан алып отыр. Тоқсаныншы жылдары Қазақстанның көмір арқылы алып отырған электр энергиясының үлесі 80% болған. Одан бері оның үлесі 11% азайған. Британдық компанияның өкілі бұл мәліметті KEGOC компаниясының мәліметіне сүйене алынғанын мәлім етті.

Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының басым бөлігі өнеркәсіп (57,9%) пен тұрғын үй коммуналдық саласына (22,3%) жұмсалып жатыр.

«Біздің зерттеуіміз бойынша, Қазақстанның энергетика саласында біршама сын-қатер бар. Атап айтқанда, қазіргі энергетика қорларының, жылу электр стансаларының тозуы байқалады. Одан бөлек электр энергетикасының өндірісінде көмірге деген тәуелділік басым. Секторда маневр жасарлық мүмкіндік аз. Саланың инвестициялық тиімділігі де төмен», - дейді ол.

Екатерина де Вере Уолкер бұл мәселені реттеу үшін электрмен қамту жүйелерінің сенімділігін арттыру керек деп есептейді.

«Электр энергетикалық активтерге инвестиция салуды жігерлендіру керек. Электр және жылумен қамтудың қаржылай жағынан қолжетімділігін арттырған абзал. Құрамында көмірі аз бағытты ұстану керек», - дейді оЕкатерина де Вере Уолкер.

Серіктес жаңалықтары