×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Бұл қырғын халқымызға орасан зор қасірет әкелді – Тоқаев қуғын-сүргін жайлы

31.05.2023, 08:01
фото: ашық дереккөзден

Тарихтағы бұл қаралы күн 1997 жылдан бастап аталып өтеді. Осы атаулы күнге орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе, – деп жазды мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет.

20-жылдары басталған «Қызыл қудалау» науқаны 30-шы, 40-шы жылдары, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып, қанды көбік шашты. Ұлы мұраттарды уағыздаған болып көлгірсіген қара ниет жүгенсіздік миллиондаған адамадардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді.

1954 жылы ел басшылығы үшін жасалған баяндамаға сүйенсек, революцияға қарсы қызмет дегенді білдіретін 58-бап бойынша Кеңес одағында сотталғандардың жалпы саны үш миллион жеті жүз жетпіс мыңнан астам адам екен.  Алты жүз қырық екі мың тоғыз жүз сексен адам атылған. 25 жыл бас бостандығынан айыруға екі миллион үш жүз алпыс тоғыз адам сотталған.

Тарихшы Рой Медведевтің деректері бойынша, 1927 жылдан бастап 1953 жылға дейін елімізде 40 миллион адам қуғын сүргінге ұшыраған. Қазақстанда 103 мың адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам атылған. Халыққа қарсы жасалған қылмыстың басқа да айғақтарын келтірейін: қазақтардың 42 проценті аштықтан қырылып, миллионнан аса адам ауып кетті. Ал, біздің елге бір миллион 209 мың адам жер аударылды. Осының барлығының нәтижесінде қазақтар өзінің туған топырағында аз ұлтқа айналды.

Халқымыздың аяулы перзенттері Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннің, Ораз Жандосовтың, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтың, Санжар Асфендияровтың, Халел және Жанша Досмұхамбетовтердің, аса көрнекті мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұловтың, Л. Мирзоянның, О. Исаевтың, В. Ивановтың, Н. Нұрпейісовтың, Т. Жүргеновтың, М. Масаншының, А. Розыбакиевтің, Ұ. Құлымбетовтың, сан алуан ұлт өкілдерінің сан мыңдаған басқа да өзімізге мәлім және беймәлім жандардың өмірі дәл осы үрейлі жылдары қиылды.

Дәл сол жылдары Қазақстанға корейлер, поляктар, немістер, қалмақтар, курдтер, чешендер, ингуштар, қырым татарлары және басқа көптеген халықтар айдауылдың алдына түсіп, өздеріне бейтаныс жерлерге, соның ішінде Қазақстанға жер аударылды. Республика тұрғындары амалсыз қоныс аударушыларға хал-қадерінше көмек көрсетіп, басындағы баспанасымен, киер киімі, ішер асымен бөлісті. Бірақ бір сәтте туған жерінен айрылып, аңыраған адамдардың қайғысын кім сейілте алар еді! Бүкіл Одақтан Қазақстанға саяси тұтқындар тиеген эшелондардың лек-легімен ағылатын жылдары да осы кез. Кейіннен солардың көпшілігі «Карлагта», «Степлагта», «Песчанлагта», АЛЖИР-де және ГУЛАГ-тың басқа да лагерлерінде із-түзсіз жоқ болды. Тоталитаризм қапасында өмірі қиылған жандардың, сондай-ақ бастан кешкен қасіреті өле-өлгенше санасында жаңғырып, сол қорқынышты шындықты бізге жеткізген, азап көрсе де, аман қалу бақытына ие болған жандардың қай-қайсысы да біз үшін ерекше қымбат, айрықша қастерлі. Олар ұрпақ санасында мәңгі өмір сүреді. 

Серіктес жаңалықтары