×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Үш азаматымыз Нүкүсте жазықсыз қамауда отыр": өнер иелері Тоқаевқа үндеу жолдады

31.05.2023, 08:21
"Үш азаматымыз Нүкүсте жазықсыз қамауда отыр": өнер иелері Тоқаевқа үндеу жолдады
видеодан скриншот

Қазақстанның бір топ өнер иелері Қарақалпақстанда жазықсыз қамауда отырған үш отандасымызды елге алып келуді өтініп, президент Тоқаевқа және Сыртқы істер министрлігіне үндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейнеүндеу авторларының айтуынша, Қазақстанның үш азаматы –  Жүнісов Данияр, Көбентаев Айдос және Жақыпбеков Еркеғали нақақтан-нақақ Нүкүсте қамауда отыр. Оларды ұрып соққан Қарақалпақстан азаматтары бостандықта жүр. Өнер иелері қылмыстық іс жан-жақты, толыққанды, объективті тергеліп жатқан жоқ деп есептейді. 

“Айыпты екендеріне ешқандай дәлел болмаса да, әлі күнге дейін қамауда отыр. Сот процесі қайта-қайта шегеріліп жатыр. Біз Президент әкмішілігіне де, Сыртқы істер министрлігіне де, еліміздің Өзбекстандағы елшілігіне де хат жолдадық. Алайда ешқандай нәтиже болмады. Сондықтан осы мәселенің шешілуіне атсалыссаңыздар екен. “Әр қазақ – менің жалғызым”. Қазақстан азаматтарының құқығы қай елде жүрсе де аяққа тапталмауы керек”, – дейді үндеу авторлары.