×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг өтіп жатыр

31.05.2023, 11:18
ulysmedia.kz

Алматыда рұқсат етілмеген наразылық акциясы өтуде. Орталық көшелердің бірінде қала тұрғындары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін жиналды. Саябақтың айналасында көптеген полиция көліктері мен автозактар тұр. Сондай-ақ, желіде белсенділерді үйлерінен ұстап әкетіп жатқаны жайлы жазылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Митингке қатысушылар арасында азаматтық белсенді, тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай да бар. Ол Қазақстанның болашағы үшін өз өмірін қиғандарды еске алу мақсатымен келгендерін айтады.

 – Бұл қазақ халқы үшін айтулы күн. Соңғы ғасырларда біз бірнеше қуғын-сүргін мен ашаршылықты көрдік. Қазақтардың тең жартысы қырылып қалды. Ұлт болашағы үшін күрескен адамдарды еске алу – қасиетті борыш, – дейді журналист.

Митингке шыққандардың бірі Қытайдың экспансиясына қарсы ұрандатуды жөн көріпті, оның пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстанға көрші елден қауіп төніп тұр.

Айта кету керек, халықты осы митингке шақырған Нұрлан Әміреқұловтың өзі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің жанында әлі төбе көрсеткен жоқ.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы прокуратурасы 31 мамыр күні митингке қатысатындар жауапкершілікке тартылатынын ескерткен.

Серіктес жаңалықтары