×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Енді отбасында жанжал шығарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

03.06.2023, 11:34
Ашық дереккөз

19 мамырдан бастап “Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу бойынша адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл заңмен отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық кодекстің 106 (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 107-баптарында (Ауырлығы орташа) “кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау” деген саралау белгілері енгізілді.

“Егер бұрын 106-бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделсе, қазір жаза 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды. Сонымен қатар әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталуы мүмкін. – Азаматтарды отбасылық-тұрмыстық салада жауапты болуға шақырамыз”, – деді полицияда. ҚР ІІМ

Серіктес жаңалықтары