×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Петропавлды Ресейге қосуды өтінген әйелге үкім шықты

06.06.2023, 16:33
фото: ашық дереккөзден

Петропавл тұрғыны сепаратистік әрекеті үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, Петропавл қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі «Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының біртұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттау» бойынша С.- ға қатысты қылмыстық істі қарады.

«Петропавл тұрғыны 2021 жылғы 6 қыркүйек күні шамамен сағат 22.00-де әпкесінің ұялы телефонын пайдалана отырып, бейнебайланыс арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен пайдаланушылардың анонимді қарым-қатынасына арналған «Чат Рулетка» қосымшасына кірген. Кездейсоқ қосылу нәтижесінде бұрын таныс емес ер адаммен онлайн әңгіме бастаған. «Чат Рулетка» қосымшасындағы бейнебайланыс арқылы әңгімелесу барысында С. кездейсоқ пайдаланушы-әңгімелесушінің сұрақтарына Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласын Ресей Федерациясының құрамына алуын өтіне бастаған. Ер адам әңгімелесуді жазып алып, сол күні жазбаны YouTube бейнехостингінде жариялады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Прокурор С.-ны 6 жылға бас бостандығынан айыруды, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеуді тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәні ішінара мойындады. Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді.

Нәтижесінде Петропавл қалалық соты С.-ның жұбайы 1-топтағы мүгедек екендігін және оның жас баласының болуын ескеріп, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Еске салсақ, бұған дейін сепаратизм бабымен тергеліп жатқан Петропавл қаласының үш тұрғынының мәлімдемесінде «Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау» белгілері бар екені анықталған еді.

Серіктес жаңалықтары