Қостанайда «Qnet LTD» құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржылық пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚМА аумақты Департаменті қызметкерлері анықтағандай, күдікті азаматтарды «Qnet LTD» қаржылық пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.
“30-дан астам адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды. Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді, осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды”, – делінген хабарламада.
Қаржылық монитоинг агенттігі азаматтарды қырағы болып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда Hit beat music қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталған.