×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Жарықсыз қалған Петропавл: тұрғындардан таңға дейін 200-ден аса өтініш түскен

08.06.2023, 15:39
фото: ашық дереккөзден

Петропавлда дауыл салдарынан жарықсыз қалған үйлерде электр қуаты қалпына келтірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Петропавлда электр қуатынсыз отырған үй жоқ, жарық беру толық қалпына келтірілді.

«7 маусым күні найзағай ойнап, қатты жел тұрып, Петропавл қаласы бойынша 13 қосалқы станция істен шықты. Жедел түрде 4 бригада жасақталып, түні бойы жұмыс істеді. Таңғы сағат 8.00-ге дейін негізгі нысандарға жарық берілді. Түске дейін жеке тұрғын үйлердің өтінімдерімен айналыстық. Қатты желден электр сымдары үзілген», - дейді «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.

Оның айтуынша, кәсіпорын табиғаттың мұндай тосын мінезіне дайын болған.

«Әдетте, біздің аймақта аптап ыстықтан кейін дауылдатып, найзағайлатып жауын жауады. 6 маусым күні барлық құрылымдық бөлімшелерге телефонограмма жолданды. Барлық керек-жарақты, қосалқы бөлшектерді әзірлеп, дауылдың салдарын жоюға дайын отыруды ескерттік. Өйткені, көп жылғы тәжірибеден ыстықтан кейін қатты дауылды жаңбыр жауатынын көріп жүрміз», - дейді Анатолий Казановский.

Айта кетейік, «Іkomek-109» қызметіне Петропавл тұрғындарынан кеше кешкі сағат 21.00-ден таңғы сағат 8.00-ге дейін 215 өтініш келіп түскен. Оның 90%-ы жарықтың сөндірілуіне қатысты.

Серіктес жаңалықтары