×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

1,2 млрд теңге айыппұл: «АрселорМиттал Теміртау» экологиялық заңнаманы өрескел бұзған

08.06.2023, 18:03
Коллаж: Ulysmedia.kz

Экологтардың тексерісінен кейін «АрселорМиттал Теміртауға» ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысының Экология департаменті мәлім етті.

Ведомсвто 2022 жылдың 5 қыркүйегі – 3 қазаны аралығында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізген. Оның барысында кәсіпорынның барлық жұмыс істеп тұрған цехтары бойынша «Жол картасы» бағдарламасының орындалу барысы сарапталды. Нәтижесінде өнеркәсіп алыбында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы өрескел бұзылғаны анықталды.

«Негізгі бұзушылықтар бірқатар цехта (кокс, ЖЭО-2, агломерациялық, домна, №2, №3 металл илеу және әк күйдіру цехтары) шығарындылардың шекті рұқсат етілген нормадан асып кетуі болды. Департамент экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1 207 287 661 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салды», - деп хабарлады департамент.

Теміртау қаласы әкімшілік сотының шешіміне сәйкес 2023 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға айыппұлды үш кезеңмен бөліп төлеу тағайындалды.

Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртауға» бұдан бұрын да  1,2 млрд теңге айыппұл салынған.

 

Серіктес жаңалықтары