×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«АрселорМиттал Теміртаудағы» кезекті бұзушылықтар: 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

17.04.2023, 12:33
Коллаж: Ulysmedia.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2019 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын төмендеткені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті.

“Камералдық мониторинг жүргізу кезінде нақты есептелген корпоративтік табыс салығының мәлімделген аванстық төлемдер сомасынан 20%-дан асып кетуі анықталды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-бөлігі бойынша 1,2 млрд.теңгеден астам айыппұл сомасына әкімшілік материал толтырылды. Биылғы жылдың наурыз айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ апелляциялық шағымын қарау барысында Қарағанды облыстық соты Департаменттің дәлелдерін қолдады және әкімшілік айыппұл күшінде қалды”, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында Департамент қызметкерлері 2017 жыл үшін осындай бұзушылықты анықтаған болатын, бюджетке 1,3 млрд. теңге көлемінде айыппұл толық көлемде өндірілді.

2017 және 2019 жылдары анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұлдың жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден асқан.

Бұдан бұрын  "АрселорМиттал Теміртаудың"  жеті шахтасы мен "Восточный" орталық байыту фабрикасының қызметін тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар үшін компанияға 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары