×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Астаналықтар тағы да көшені жауып тастады

09.06.2023, 12:17
видеодан кадр

 Астанада «Мәскеу» кешенінің тұрғындары көшені жауып тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тұрғындар мүлік иелері бірлестігі төрағасына шағымданып, оны қызметінен босатуды талап етті.

Қарсылықтың белгісі ретінде тұрғындар көшені жауып тастады. Желіде тараған видеодан наразы топты тәртіп сақшылары күшпен автобусқа тиеп, алып кеткенін көруге болады.

Болған жайтқа елорда әкімдігі түсінік берді.

«Азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырамыз. Яғни заңсыз акцияларға қатыспау, арандатушылыққа берілмеу, мүлік иелері бірлестігі басшылығына таласушылардың сіздерді өз пайдасына пайдалануына жол бермеу керек. Құқық бұзушыларға құқық қорғау органдары әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, бүкіл мәселе тек құқықтық салада шешілуі керек», - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын астана тұрғындары су тапшылығы мәселесін шешуді талап етіп, көшені жауып тастаған. Тұрғындар наразылығынан кейін Тоқаев қала әкіміне шұғыл тапсырма берді.

 

Серіктес жаңалықтары