×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Астанада үш жасар бала 6-қабаттың терезесінен құлап кетті

10.06.2023, 17:34
Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде дәрігерлердің терезеден құлап кеткен үш жасар балаға қалай көмектеспек болғаны туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Instagram желісіндегі видеоның авторы көпқабатты үйдің 6-қабатында орналасқан терезеден кішкентай баланың құлап кеткенін мәлімдеген.

Кадрлардан дәрігерлердің келіп, балаға медициналық көмек көрсетуге тырысқаны байқалады.

Ал полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусымда болған.

"102" арнасына Жүргенов көшесіндегі үйдің ауласында 9-қабаттан бала құлап кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Үш жасар қыз алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Сараптама тағайындалды", - деді ПД өкілдері.

Бір күн бұрын Астанада әйел баласымен терезеден құлап кеткенін хабарлаған едік. Өкінішке орай, екеуі де қайтыс болды. Сондай-ақ Семейде үлкендер жоқта үш жасар бала терезеден құлап кеткен.

Серіктес жаңалықтары