×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Экс-генерал Күдебаевтың Қырғызстанға қалай өтіп кеткені белгілі болды

14.06.2023, 12:52
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтің ел шекарасынан қалай өткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы шекараның өткізу пунктінен өтпеген.

«Ол шекарамыздан тыс жерден Қырғыз мемлекетіне өтіп кеткен. Шекараға жеткізген көлік жүргізушісіне де оның мұндай әрекетке баратыны белгілі болған. Сол себепті өзі де жауапкершілікке тартылып жатыр. Ол (Күдебаев) шекараның өткізу пунктінен өтпеген. Кеген ауданында шекара темір торының астын көтеру арқылы өтіп кеткен», - деді Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында.

Ол осы жайтқа байланысты Серік Күдебаевтың үстінен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қосымша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Еске салайық, сот шешімі бойынша Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сәуірдің басында генералдың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткені хабарланған болатын. Тілшілеріміз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

27 сәуірде Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын мәлім еткен.

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Серік Күдебаевтың елден қашуына ІІМ жауапты емес екенін айтты.

Ал жуырда Қырғызстанда Алматы облысы полиция департаментінің  бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қашу ісі бойынша төрт күдікті тергеліп жатқаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары