×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматының орталық ауруханасында науқастар ВИЧ жұқтырған

14.06.2023, 14:02
Алматының орталық ауруханасында науқастар ВИЧ жұқтырған
фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының науқастары АИТВ (ВИЧ) жұқтырғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Басқарма мәліметіне сүйенсек, ЖИТС орталығының мамандары орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ОҚКБ) АИТВ оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтаған. Артынша 2 маусым күні ДДҰ басшысының орынбасары мен ЖИТС орталығы қызметкерлерінің төрағалығымен комиссия құрылып тексеру жүргізіліпті. Соның аясында комиссия вирустың таралу көздерін анықтау үшін ішкі тергеу жүргізді. Әрі донорлар, медицина қызметкерлері және байланысқан адамдар толықтай қаралған. 

“Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша – зерттелгендердің барлығынікі теріс нәтиже. 13 маусымда комиссияның қорытындысы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне (ССЭК) берілді. 14 маусымда Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандарын тарта отырып, аурухананы жоспардан тыс тексеру басталды”, - делінген ақпаратта. 

Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайтын болады.