×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Биылғы аптап ыстық астық түсімін төмендетпей ме – министр жауап берді

16.06.2023, 13:52
Биылғы аптап ыстық астық түсімін төмендетпей ме – министр жауап берді
фото: ашық дереккөзден

Биылғы аптап ыстық егін шығымына әсерін тигізе ме? Сенат кулуарында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Маусымда температура деңгейі өте жоғары болды. Бұл – жылдық орташа нормадан жоғары. «Қазгидромет» мәліметінше, негізгі астық егетін өңірлерде жауын-шашын жауады деген болжам бар. Біз оған сенеміз. Биыл біз көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүргіздік. Содан кейін ылғал қоры жақсы болды. Бұл егін егуге қатысты», - деді Ербол Қарашөкеев.

Министр жем-шөп өндірісі бойынша жол картасын әзірленгенін атап өтті.

«Былтыр жол картасы бойынша жем-шөп алқабын 100 мың гектарға ұлғайттық. Биылғы жағдайды да ескердік. Бізде 235 мың тонна болатын жем-шөп қоры бар. Керек болса, осы қорды пайдаланамыз. Сондай-ақ барлық өңір бойынша бізде азық-түлікке 11,6 млрд теңге субсидия қарастырылған. Біз жем-жөп дайындау үшін арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесін де қарастырдық», - деді Қарашөкеев.

Еске салайық, бұдан бұрын министр биылғы астық түсіміне қатысты болжамдарды айтқан.

Сондай-ақ, Қарашөкеев Ресей астығының сұр импорты салдарынан отандық бидай өндірушілер зардап шегуі мүмкін екенін мәлім етті.