×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Сот Мәсімовтің жазасын өтеу режимін жеңілдетті

16.06.2023, 17:03
Коллаж: ulysmedia.kz.

Кәрім Мәсімовпен бірге сотталған екі адам да жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтейтін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылғы 16 маусымда Астана қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Мәсімов К., Садықұлов А., Ерғожин Д., Осипов М. және М.-ның және олардың адвокаттарының арыздары бойынша «аса құпия» айдарымен қылмыстық істі қарады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 24 сәуірдегі үкімімен Қ.Мәсімов пен А.Садықұлов ҚР ҚК 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылды. Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша 18 және 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ерғожин Д., ҚК-нің 179-бабының 3-бөлігімен, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осипов М., ҚК-нің 362-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Апелляциялық инстанция бірінші сатыдағы соттың Қ.Мәсімовке, А.Садықұловқа және Д.Ерғожинге қатысты жазасын өтеу мекемесінің түрі бойынша қатаң режимдегі мекемеден орташа қауіпсіздікке ауыстырды.

Қылмыстық кодекстің 6-бабына сәйкес, сотталғандардың жағдайын жақсартатын заңның кері күші бар және соттар қолдануы міндетті.

Серіктес жаңалықтары