×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Жеріміз шетелдіктерге сатылып жатыр» деген ақпарат жалған - Тоқаев

17.06.2023, 11:39
«Жеріміз шетелдіктерге сатылып жатыр» деген ақпарат жалған - Тоқаев
Ашық дереккөз

Тоқаев "жер сатылып жатыр" деген ақпарат жалған дей келе, шекарадағы ауылдар жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жеріміз шетелдіктерге сатылып жатыр» деген сөз ара-тұра айтылып жатады. Бұл – жалған ақпарат.

Елімізде жерге қатысты түбегейлі шешім әлдеқашан қабылданған. Ол шешім заңмен біржола бекітілген. Түрлі дақпыртқа сеніп, жұртты дүрліктіретін жалған ақпарат таратуды доғару керек. Біз бабалар аманатына әрдайым адал боламыз. Шетелдіктерге қазақтың бір қарыс жерін де, бір уыс топырағын да бермейміз. Оны көздің қарашығындай сақтаймыз. Шекара маңындағы елді мекендердің ахуалы жеріміздің тұтастығына және еліміздің амандығына тікелей ықпал етеді. Шын мәнінде, бұл – стратегиялық маңызы бар мәселе.

Өкінішке қарай, шекара шетіндегі кейбір елді мекенде халық саны күрт азайып кетті. Бұған бір кездегі аудандарды біріктіру жөніндегі шешімдер де ықпал еткені сөзсіз" ,- дейді Тоқаев.

 

 Айта кетейік, Түркістанда екінші Ұлттық құрылтай өтіп жатыр. Онда президент кейбір ірі елдер бізге өз стандарттарын күштеп енгізгісі келетінін мәлімдеді.

Содан соң Кеңес дәуіріндегі жасанды тұлғалардың есімін нысандарға беруді доғару керектігін ескертті.

Президент кейде балалардың қатыгездігі жан түршіктіретінін айтты. Ол ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет деп санайды