×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

ШҚО-да науқастардың шағымынан кейін үш бірдей бас дәрігер жұмыстан қуылды

07.10.2021, 18:53
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында 2 аудандық аурухананың 1 қалалық емхананың бас дәрігері науқастарға құрметпен қарамағаны үшін жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

yk.kz-ның мәліметінше, ШҚО әкімі Даниал Ахметов Глубокое және Шемонаиха аудандарындағы аурухананың және Өскемен қалалық №2 емхананың бас дәрігерлері жұмыстан босатылғанын айтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков Өскемен қаласындағы №1 емхананың бас дәрігеріне қатысты мәселе қаралып жатқанын айтты. Мұндай жағдай облыс тұрғындарының медициналық қызметкерлерге шағым жазуынан кейін болып отыр.

«Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде кейбір дәрігер жұмысын жақсы атқармайтыны, науқасқа құрметпен қарамайтыны, жеткілікті назар аудармайтыны,  жұмысына немқұрайлы қарайтыны туралы жазылады. Аталған жағдайлар бойынша сараптама жүргізгеннен кейін үш бас дәрігер жұмыстан босатылды. Олардың орнына күш-қуаты тасыған, білікті дәрігерлер келуі керек», - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Серіктес жаңалықтары