×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

20 жастағы белсенді Франция президентіне қастандық жасамақ болды

18.06.2023, 10:25
Ашық дереккөз

Полиция Франция президенті Эммануэль Макронға қастандық жасамақ болды деген күдікпен 20 жастағы радикал белсендіні ұстады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚ оқиғаның сәуір айында болғанын жазады.

«Ашық солшыл белсенді тергеуге алынып, қамалды. Оған сәуір айында республика президентінің өміріне қастандық жасамақ болды деген айып тағылып отыр», - деді полиция.

Анықталғандай, ұсталған адам ресми көпшілік шарадан шығып бара жатқанда Макронның тікұшағына түтін бомбасын жіберген.

Тергеу нәтижесінде қылмыскердің жеке басы анықталып, кейін ол өз үйінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Оған үш бап бойынша айып тағылды: тікұшақты жою әрекеті, ондағы қауіпсіздік қызметкерлерін өлтіру және мемлекет басшысының өміріне қастандық жасау”, - делінген мақалада.

Ұсталған азаматтың өзі де әрекетін жоққа шығармағаны және Макронға ел тұрғындарының оның саясатымен келіспейтінін осылайша түсіндіргісі келетінін айтқаны атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Макронның зейнет жасын ұлғайту туралы жанжалды заңға қол қойғаны хабарланған болатын.

Француз азаматтары көктемнің басынан бері зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеруді көздейтін зейнетақы реформасы туралы заңға наразылық білдіруде. Сондай-ақ, күзде күшіне енетін заңда бірқатар арнайы зейнетақы режимдері жойылады.

Бұқаралық ақпарат құралдары 1 мамыр күні Испания мен Германияда да митингілер өткенін, онда халық инфляцияның өсуіне және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне наразылық білдіруге шыққанын жазады. Олар лайықты жалақы мен ресурстардың әділ бөлінуін талап етеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Францияның Конституциялық кеңесі ештеңеге қарамастан зейнетақы реформасын заңды деп танып, зейнет жасын 64 жасқа дейін ұлғайтуды мақұлдаған.

Серіктес жаңалықтары