×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Түркістан облысында әкімдік қызметкері балабақша иесін ұрып жіберген

26.04.2024, 08:48
Фото: видеодан скрин

Түркістан облыстық Білім басқармасында өткен комиссия отырысында әкімдік қызметкері балабақша иесіне күш қолданған. Бұл сәттің видеосы отырыстың түсірілімі кезінде түсіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Otyrar.kz сайтының жазуынша, видеоны Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Сәкен Хандиллаев facebook-парақшасында жариялаған.

Әкімдіктен пана, көмек сұрап келіп жатқан халық келіп, таяқ жеп кетіп жатса, «Мемлекеттік қызмет туралы» заң бұған не дейді?  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұған не дейді, әлде мемлекеттік қызметкерлерге  арналған заң тек  аудандар мен ауыл әкімшіліктерінде қызмет жасайтын жәй мамандарға ғана қолданылады ма? - деп жазды автор.

Бұл жайт облыстық Білім басқармасында өткен балабақшалар жөніндегі комиссия отырысы кезінде болған. Соққыға жығылдым деген әйел балабақша иесі екен. Отырыс кезінде әйел азаматтары арасында жанжал туындаған. Видеодан әкімдік қызметкерінің балабақша иесіне ашуланып, кейін жұлқылап, қол көтергенін көруге болады.

Балабақша иесі әкімдік қызметкерінің үстінен арызданған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, арыз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-тармағы («Ұрып-соғу») бойынша тіркеліп, іс материалдары сотқа жолданған.

Бұл іс Түркістан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралған. Сот қаулысымен әкімдік қызметкеріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.

Түркістан облысы әкімдігіндегілер балабақша иесіне күш қолданды деген әйел әкімдіктің ішкі аудит қызметінің бас инспекторы екенін айтты. Оқиғадан кейін қызметкерден түсініктеме алынып, әдеп нормаларын сақтамағаны үшін оған қатаң сөгіс берілген.

Серіктес жаңалықтары