×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстан азаматы Ресей үшін соғысуға кетті

26.04.2024, 09:27
Фото - АиФ/ Дмитрий Григорьев

Ресейлік «Аргументы и факты» басылымында Қазақстанның Санахчи есімді азаматының соғысқа қалай қосылғаны жөнінде сұхбаты шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Басылымның жазуынша, Украинада соғыс басталғанға дейін Санахчи Алматыда тұрып, 2022 жылы Қаңтар оқиғаларының куәсі болған. Ол сол тұстағы оқиғаларды ең алдымен, "Қазақстанға емес, Ресейге сырттан ықпал ету әрекеті" деп санайтынын айтқан.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Санахчидің отбасында келіспеушіліктерге байланысты жанжал басталған: оның әйелі соғысқа қарсы болса, бұл Ресейді қолдаған.

– Мен Ресейді қолдаған кезде әйелім соғысқа қарсы болды. Бұл көп қақтығыстарға әкелді, - деп еске алады ол.

Соғыс басталғаннан бірнеше ай өткен соң, әйелінің өзі оған "Вагнер" жеке әскери компаниясына кіру мүмкіндігі барын айтқан. Ол күйеуінің мінезі ұрысқа қатысуға жарамды деп санаса керек. Санахчи шешім қабылдап, бір айдан кейін Краснодар өлкесіндегі Молкино полигонына жеткен.

– Мен қазір Отанымда халықаралық террорист болып жарияландым. Қазақстанда үшінші елдердің аумағында соғыс қимылдарына қатысқан азаматтарнын түрмеге қамайды. Бірақ мен Ресей менің Қазақстаным үшін үшінші ел болып қалады деп ешқашан ойлаған емеспін, — дейді ол.

"Ахмат" арнайы күштерімен келісімшартқа отырып, Санахчи Ресей азаматтығын алған. Үш айдан кейін оның азаматтығы туралы өтініші қанағаттандырылды.

Санахчимен сұхбат Бахмутта жазылған. 

Серіктес жаңалықтары