×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Арнайы жасақ басқыншыны қолға түсіріп, Kaspi Bank-те кепілге алынғандарды босатты

18.06.2023, 15:55
Арнайы жасақ басқыншыны қолға түсіріп, Kaspi Bank-те кепілге алынғандарды босатты
Ашық дереккөз

Арнайы операция барысында кепілге алынғандардың барлығы босатылғаны мәлім болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Таратылған кадрларда ұсталған адамды ғимараттан қалай шығарып жатқаны көрсетілген. Банк қызметкерлері ауруханаға жеткізілді.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, 2013 жылдан бері басқыншы наркологиялық диспансерде есепте тұрған. Қылмыстық істер бойынша екі рет сотталған.

Басқыншы банктің барлық активтерін мүгедек балалар, кедейлер мен мұқтаждарға арналған қорларға аударуды талап етті.

Сонымен қатар, басқыншының банктік несиелер бойынша біраз қиындықтары бар деген нұсқа бар.

Оқиға орнында полиция мен арнайы жасақ көп. Жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындары эвакуацияланды.

Белгілі болғандай, құқық бұзушы 1993 жылы туған Мурадов Әлихан.

Операция басқыншының кепілге алынғандардың бірін ұстап алып, оның маңдайына тапанша тақағанына байланысты қиынға соққан.

Айта кетейік, Kaspi иелері – Владимир Ким мен Михаил Ломтадзе. Біріншісінің жағдайы 3 600 000 000 долларға бағаланады.

Forbes мәліметінше, Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша компанияның 23,34 пайызын бақылайды. Kaspi.kz сайтының жалпы капиталдандыруы $13,74 млрд құрайды.

Михаил Ломтадзенің байлығы бір жылда 900 миллион долларға азайды.2022 жылдың 20 сәуірінде Forbes журналының нақты уақыт режиміндегі миллиардерлер рейтингінде ол 1043-ші орынды иеленді.

Ломтадзе – «Kaspi.kz» АҚ акционері, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы. 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 23,24% акцияның иесі.

Компанияның 2021 жылдың төртінші тоқсанындағы есебінде Kaspi.kz қосымшасын ай сайынғы белсенді пайдаланушылар көрсеткіші 11,2 миллион адамға жеткенін (өткен жылдың орташа деңгейімен салыстырғанда 23%-ға өсті), ал күнделікті белсенді пайдаланушылар 7 миллион адамға жетті (тиісінше 42%-ға өсті).