×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Жер кодексі күшіне енгелі 3 жыл: жер иелерінің тізімі неге жарияланбай келеді

19.06.2023, 12:09

Бұл мәселені мәжілістегі үкіметтік сағатта депутат Марат Бәшімов көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жер кодексі деген Конституциядан кейінгі заң емес пе!? Онда жерді иеленген жеке және заңды тұлғалардың есімі ашық дереккөздерде жариялануы керектігі тайға таңба басылғандай жазылды емес пе!? Бітті! Бірінші курста оқитын кез келген заңгерге түсінікті. Парламент қабырғасында осыны айтудың өзі ұят! Ал Жер кодексі күшіне енгелі үш жыл болса да, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді кімдер иеленіп отырғанын жасырып отыр. Құқықтық мемлекетті мұндайда қалай құрамыз?» - деп сұрады ол ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен.

Бұл сұраққа жауап берген Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің учаскелерінің қай компанияларға тиесілі екені көрініп тұрады.

«Ал сіз солардың иелері кім екені айтылсын деп отырсыз ғой иә!? Ол мәселені Әділет министрлігімен пысықтап, ары қарай жазбаша түрде жауап берейік», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары