×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шымкентте 10 мың теңге пара алған шенеунік сот залынан бір-ақ шықты

20.06.2023, 12:06
Шымкентте 10 мың теңге пара алған шенеунік сот залынан бір-ақ шықты
фото: ашық дереккөзден

Шымкентте еңбек және әлеуметік қорғау департаментінің жетекшісі екінші топ мүгедегінен пара алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Otyrar.kz-тің жазуынша, шенеунік азаматтың мүгедектігін тағы да созып беру үшін пара алған. Осылайша 10 мың теңгені қалтасына басқан департамент жетекшісі сот залынан бір-ақ шықты. Оған 250 мың теңге мөлшерінде айыпұл салынды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тиым салынды. 

"Бұл халықтың осал тобына қатысты жасалған өте ауыр қылмыс. Осыған байланысты біздің департамент бірқатар іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті № 5 бөлімінің басшысына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ол басшы лауазымды атқара отырып, өзінің қызметтік жағдайын жеке, пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғаны және делдал арқылы екінші топтағы мүгедек азаматқа мүгедектік мерзімін ұзарту үшін жалпы сомасы 10 мың теңгеге пара алғаны анықталды", — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Олжас Тобашов.

Осылайша іс материалдары сотқа жіберілген. Нәтижесінде шенеунік тиісті жазаға тартылып отыр. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Талдықорғанда шенеуніктер мұқтаж отбасыларға арналған пәтерлерді бөліске салғанын жазғанбыз.