×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әлиевке қатысы бар: Лепс өнер көрсетпекші болған казино жайлы тың ақпарат шықты

20.06.2023, 13:02
Әлиевке қатысы бар: Лепс өнер көрсетпекші болған казино жайлы тың ақпарат шықты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ресейлік әнші Григорий Лепстің концерті Қонаев қаласындағы Makao Luxury Village Resort компаниясының ойынханасында өтуі тиіс еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір күн бұрын компания Лепспен келісімшартты біржақты бұзғанын мәлімдеді. Билеттерді сатып алған азаматтарға ақша қайтарылатыны хабарланды.

Бұл казиноға Тұңғыш президенттің немересі Нұрәли Әлиевтің қатысы бар екені белгілі болды. Бұл туралы елордалық адвокат Бауыржан Азанов айтты.

"Greatex Capital Holding B. V. компаниясы шетелде тіркелген, сондықтан құрылтайшылары жасырын. Алайда, Linkedin әлеуметтік желісінің хабарлауынша, компанияның директоры – алты жыл бойы Нұрәли Әлиевке тиесілі "Донателло" қонақүйлер желісін басқарған Темірлан Есенғазиев", - деп жазады адвокат.

Ол Есенғазиевтің Makao Luxury Village казиносының директоры болып жұмыс істейтінін айтты.

Forbes мәліметтері бойынша, Әлиевтің байлығы 249 000 000 миллион долларға бағаланады.

Нұрәли Әлиев – "Транстелеком" АҚ мажоритарлық акционері, сондай-ақ "Darmen Holding" ЖШС және "Capital Holding" инвестициялық ЖШС үлестеріне ие.

"Еуропа плюс Қазақстан" ЖШС тең иесі, сол арқылы "Радиосити Телерадиокомпаниясы" ЖШС (Radio City радиостанциясы) және "Тәуелсіз телевизиялық арна" ЖШС (НТК телеарнасы) үлестерін иемденіп отыр. Дубайдағы (БАӘ) Donatello Hotels and Resorts, Алматыдағы Donatello boutique hotel-ге, Алматы мен Астанадағы бірнеше мейрамханаға иелік етеді.

"Транстелеком" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Еске салайық, Лепс 8 шілдеде Қонаев казиносының бірінде өнер көрсетуді жоспарлаған. Концерт билеттерінің бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ең қымбат билеттер 1 миллион теңгеге бағаланған.

Қазақстандықтар соғысты қолдайтын әртістің елімізде өнер көрсететініне наразылықтарын білдірді. Бұған дейін Ресей әншілері Николай Басков пен Григорий Лепс украин танктерін жойғаны үшін әрқайсысы бір миллион рубльден төлеуге дайын екендіктерін мәлімдеген.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Ресейдің Украинға қарсы соғысын қолдайтын өнер иелерін Қазақстанға шақырушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керегін айтты.

Концерттің тоқтатылғанын естіген бойда Лепстің директоры Қазақстанды “русофобиялық елдің нақ өзі” деп атап, соғысқа қатысты ұстанымдарынан бас тартпайтындарын мәлім етті.