×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Аудит жүргізіледі: Годунова Медсақтандыру қорындағы бұзушылықтар туралы айтты

21.06.2023, 16:23
sputnik.kz

Жоғары аудиторлық палатаның басшысы Наталья Годунова әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын тексеру неден басталатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, аудит бағдарламасы әлі бекітілмеген.

"МӘМС қаншалықты дұрыс төлейтінінен бастайтын шығармыз. Себебі Денсаулық сақтау министрлігі республикалық бюджет төлейтін тізбені және медициналық сақтандыру жүйесі төлейтін тізбені бекітті. Бұзушылықтар бар. Сақтандыру қоры төлеуі тиіс кейбір нәрсе республикалық бюджеттен төленген. Тәртіп орнату керек. Біз емдеу мекемелеріне аудит жүргізетін боламыз. Қордың өзі төлемнің дұрыстығын тек сол мәліметтер негізінде тексереді. Емдеу хаттамаларын зерттемейді", - деді Годунова.

Ол аудиторлар медициналық мекемелерге, қалалық және аудандық ауруханалар мен емханаларға дейін тексеретінін атап өтті.

"Қателер тарихын тазарту мүмкін болмайды, өйткені жүйе қормен біріктірілген. Барлығы бекітілген, оны алып тастауға болмайды", - деді Годунова.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ажар Ғиният қазақстандықтарға МӘМС жарналарының 50% қайтару туралы ұсыныстың қарастырылмау себебін түсіндірген.

Серіктес жаңалықтары