×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"Аппетитіңді азайт!": кәсіпкер халықты қарызға батырған банктерге шүйлікті

22.06.2023, 09:45
"Аппетитіңді азайт!": кәсіпкер халықты қарызға батырған банктерге шүйлікті
Коллаж: Ulysmedia.kz

Белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов бір несиесін екінші несиемен жауып, өлместің күнін кешіп жүрген халықтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Кредит алу студенттерге, зейнеткерлерге, тіпті жұмыссыздарға да  оңай шаруа болып кетті. Отбасы мүшесінің әрқайсысында 2,28 кредит бар. Бұл масқара! Оның үстіне, олардың төлем қабілеттілігі де ешкімді алаңдатпайды”, – дейді кәсіпкер.

Оның сөзінше, қазақстандықтардың қарызы күн өткен сайын артып келеді.

“Халық 56%-дық ескі несиесін өтеу үшін, жаңа несие алуға мәжбүр. Жалақы түгелдей қарызды өтеумен кетеді. Мұны өмір сүру түгілі, күнелту деп айту қиын. Соның салдары адамдарды қылмысқа, суицидке апаратыны анық…”, – деп жазды Жанықұлов.

Кәсіпкер Астанадағы банкке шабуылды соның алғашқы көрінісі деп атады.

“Каспи Ред – қазақстандықтарды алдаудың тағы бір тамаша тәсілі. Жылдам ақша өзінің қолжетімділігімен кез-келгенді қызықтыратыны белгілі. Адамдар аңғармастан қажетсіз заттар мен бұйымдар сатып алумен әлек. Дәл осы жағдайда банк қарапайым адамдармен қоса бизнестен де табыс табады. Kaspi, аппетитіңді азайт , көзі жыбырлағанның бәріне жаппай несие беруді тоқтат!”, – деп шүйлікті ол.

Еске салайық, 18 маусымда Астанадағы «Керуен» сауда орталығы маңындағы Kaspi Bank филиалына ер адам басып кіріп, мекеме ішіндегі 7 адамды кепілге алды.

Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ дереу жетіп, жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындары эвакуацияланды. Басқыншы кепілге алынған адамдарды өлтіруге ниетті екенін мәлімдеді.

Полицияның ер адаммен келіссөз жүргізу әрекеті нәтиже бермеген соң арнайы жасақ іске кірісті. Басқыншы ұсталып, Kaspi Bank-те кепілге алынғандар босатылды.

Бұдан бұрын ІІМ басшысы басқыншының қалай ұсталғанын егжей-тегжейлі айтып берген еді.