×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Алматы облысында мектептерді жөндеуге бөлінген 57 млн теңге ұрланған

23.06.2023, 11:28
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында екі мектепті жөндеу барысында аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2020 жылдың мамыр айында Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен «ПМК-7К» ЖШС арасында жалпы сомасы 855 млн теңгені құраған «Сарыбастау» және «Қарағаш» ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған.

Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс компаниясының басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамау, орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасау арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқырған.

“Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде ЖШС-тің есеп айырысу шотына 57,5 млн теңге сомасында ақша қаражаты заңсыз аударылды. Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Сонымен қатар, сотталушымен мемлекетке келтірілген 57,5 млн теңге сомасындағы залал толығымен өтелген”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмолада жол құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңге ұрланған еді.

Серіктес жаңалықтары