×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Геннадий Головкин бокстағы мансабын жаңа дивизионда жалғастырады

25.06.2023, 11:33
Ашық дереккөз

Боксшының соңғы бірнеше өнер көрсетуін ұйымдастырған британдық промоутер Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкиннің мансабын аяқтауды жоспарлап отырмағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Промоутердің айтуынша, Головкин жаңа дивизионға ауысуы мүмкін.

«Мен онымен мансабы туралы нақты сөйлескен жоқпын, бірақ мен оның өнер көрсетуді жалғастырғысы келетінін байқадым. Менің ойымша, ол супер орта салмаққа көтеріледі», - деді ол.

Головкиннің соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың қыркүйегінде өткен болатын, ол Сауль Альварестен жеңіліп қалған.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің барлық әлемдік титулдардан бас тартқаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары