×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Балқаштағы өрт бірнеше күннен бері өшпей жатыр

25.06.2023, 12:08
Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Балқашта өрт шықты деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өрт туралы ақпаратты журналист Кирилл Павлов мәлімдеді. Оның айтуынша, жалын бірнеше күннен бері жалғасып жатыр. Журналист дәлел ретінде скриншоттарды да келтіреді.

«Кешіріңіз, әрине, демалыс күндеріңізді мазалағаным үші. Бірақ Балқаш бір күннен астам уақыт бойы аздап жанып жатыр, биліктен ешқандай хабар жоқ. Өткен жолы Жамбыл облысында өрт болған кезде Төтенше жағдайлар департаменті далада шпалдар мен қоқыс жанып жатыр деп ақтаған. Бірақ олар дұрысын көрсетпеді, содан кейін жоғалып кетті. Бұл жолы не айтарын асыға күтемін», - деп жазады журналист.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт туралы ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысында төтенше өрт қаупі сақталып отырғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары