×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

"Ұсыныс күйінде қалды": Ұлытау әкімі 4 облыстың атауын өзгерту жайлы

26.06.2023, 15:26
parlam.kz

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы елдегі бірқатар облыстардың атауын өзгерту жөніндегі ойын ортаға салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шенеунік бұған дейінгі пікірі өзгермегенін, алайда ол әзірге тек оның ұсыныс күйінде қалып отырғанын айтты.

"Мен "Қазақ тілі" республикалық қоғамының жетекшісімін. Ғылыми конференциялардың бірінде мен өз көзқарасымды білдірдім. Бұл менің жеке көзқарасым. Бұл туралы бұрын қоғамдық жобаларымда айтқан болатынмын. Бұл менің ұсынысым болып қала берді", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда Берік Әбдіғалиұлы "Ұлытау облысының рухани дамуы" республикалық ғылыми-практикалық конференциясында Қазақстанның бірнеше өңірінің атын өзгертуді ұсынды. Шенеунік Батыс Қазақстан облысын Ақжайық, Шығыс Қазақстан облысын Алтай, Солтүстік Қазақстан облысын Қызылжар, Павлодар облысын Баянауыл деп өзгерту керектігін айтты. Оның пікірінше, бұл елдің барлық тұрғындарын шабыттандырады.

Серіктес жаңалықтары