×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

1 шілдеден бастап ел өңірлерінде автогаз қымбаттайды

26.06.2023, 18:01
фото: ашық дереккөзден

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі республика аумағында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы бұйрыққа өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биылғы 1 шілдеде Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газына көтерме бағаны қосымша құн салығынсыз 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (20%-ға) арттыруды жоспарлап отыр. Бұл 1 литр үшін бөлшек сауда бағасының 4 теңгеге (ҚҚС-пен) өсуін талап етеді.

"Қазақстанның барлық аумағы бойынша сұйытылған мұнай газының 1 литрі үшін бөлшектеп сату бағасын 4 немесе 6 теңгеге ҚҚС-пен өзгерту ұсынылады", - делінген түсіндірме жазбада.

Осылайша ел аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар келесідей өзгереді.

Астана қаласы, Ақмола, ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында шекті баға 76 теңгені құрайтын болады. 

Алматы қаласы, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысында – 81 теңге. Ал, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 54 теңге. Жамбыл облысында – 71 теңге, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкентте – 64 теңге. 

Павлодар облысында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті баға – 74 теңге.

Құжатты 12 шілдеге дейін ашық талқылауда болады.

Серіктес жаңалықтары