×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

25,9 млн бас: Астанада қой басы өсіп, Алматыда күрт азайған

27.06.2023, 18:01
shymkentaqparat.kz

Қазақстанда биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қой саны 25,9 млн басты құрады. 2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығымен салыстырғанда мал басы 4,1%-ға өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қойдың ең көп саны Түркістан облысында – 5,9 млн бас. Одан кейін тізім басында Жамбыл және Алматы облыстары: сәйкесінше 3,9 млн және 3,2 млн бас.

Қой санының ең көп өсімі елордада тіркелді – 39,4%-ға. Алматыда керісінше қой басы 21,6% азайған.

Айта кетейік, қойдың 48% халықтың жекежайында, тағы 47%-ы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының, қалған 5%-ы шаруашылық кәсіпорындардың қолында.

Сонымен қатар биылғы 5 айда ешкілердің саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артып, 3,2 млн басты құрады.
 

Серіктес жаңалықтары