×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Ресейлік генерал Суровикин Пригожиннің бүлік шығару жоспарын білген - NYT

28.06.2023, 13:20
Ашық дереккөз

Америкалық барлау қызметінің мәліметінше, генерал Сергей Суровикин Вагнер ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожиннің бүлікке дайындалып жатқанын алдын ала білген. Бұл туралы The New York Times басылымына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Қазір АҚШ билігі бұл жоспарды әзірлеуге Сергей Суровикиннің қатысы бар-жоғын анықтауда.

Басылым сұхбаттастарының айтуынша, Евгений Пригожин қолға алған Ресей қорғаныс министрлігі басшылығын күшпен ауыстыру әрекетін басқа генералдар да қолдауы мүмкін деген белгілер бар. NYT дереккөздерінің хабарлауынша, Пригожин өзінің жоғары дәрежелі жақтастары бар екеніне сенімді болмаса, бас көтермес еді.

Америкалық шенеуніктердің пайымдауынша, Суровикин мен Пригожин арасындағы одақ Вагнер ЖӘК Ресейдің ірі әскери орталығын басып алып, Мәскеуге қарулы шеруге бұйрық бергеніне қарамастан, неліктен әлі тірі жүргенін айғақтайды.

“Егер Суровикиннің бүлік дайындауға қатысқаны туралы нақты дәлелдер келтірілсе, Путиннің генералды қолбасшылықтан алудан басқа амалы қалмайды”, - дейді дереккөздер.

Батыста ресейлік қолбасшылықтың басқа мүшелеріне қарағанда сауатты және мейірімсіз болып көрінетін Суровикиннің қызметінен алынуы қарсы шабуылға шыққан Украинаға тиімді болар еді.

NYT дереккөздері Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастарының әзірге болған оқиға туралы тек алдын ала ақпараты бар екенін баса айтып, шенеуніктердің Пригожин көтерілісін көпшілік алдында талқыламауға тырысып жатқанын, бұл ресейлік насихатқа оны «ұйымдастырған» деп айтуға қосымша негіз бермеуге тырысатынын атап өтті.

Пригожин Суровикинді бірнеше рет көпшілік алдында мақтады. Пригожин көтерілістің басталғанын жариялағаннан кейін көп ұзамай Суровикиннің үндеуі таратылды, онда ол Вагнер ЖӘК-сын «тоқтатуға» және «мәселелерді бейбіт жолмен шешуге» шақырды.

Серіктес жаңалықтары