×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Шығыс Қазақстанда барлық табиғи өрттер сөндірілді

28.06.2023, 14:12
Ашық дереккөз

Орманшылардың, өрт сөндірушілердің және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Ұлан ауданындағы Приморск орманшылығында және Глубокое ауданындағы Комсомол орманшылығында (Өскемен қаласының шеті) құрғақ өсімдіктердің жануы тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“26 маусымынан бастап Ұлан ауданында жалпы ауданы 5 га болатын өртпен күресіп, 27 маусым сағат 11.00-ден бастап Өскемен қаласының шетіндегі өртпен арпалысып, жалпы ауданы 14,2 га өрт сөндірілді”, – деп жазды ТЖМ-нан.

Естеріңізге сала кетсек, бұл екі өртті сөндіруді таулы, жартасты жерлер мен қатты соққан желдің екпіні қиындатып, жағдайды ушықтырды, бұл өртті бірден үлкен аумаққа таратты.
Қол жетпейтін жерлерде өрттерді сөндіру үшін ШҚО әуе бөлімшесінің тікұшақтары қолданылды. Ұлан ауданында орманшылар мен су десантын жеткізу үшін, екіншісінде әуе бөлімшесі 7 рет су төкті, осылайша өрттің таралуына жол бермеді.

Әдетте, мұндай өрттер халықтың отқа немқұрайлы қарауынан болады.

Серіктес жаңалықтары